Павлодар облысының әкімі Қазақстан халқы Ассамблеясы саябағы ауданындағы құрылыс учаскесіне барды. Қазір болашақ аквапарк орнында көтергіш құрылымдар орнатылуда.

- Негізгі су ойын-сауық залынан басқа, жоба фитнес-зал мен фуд-кортты қамтиды, - деді «Hagi-Pavlodar» ЖШС бас директорының орынбасары Валерий Филяев. - Аквапарк тәулігіне 500 келушіге арналған және болашақта одан да көп болуы мүмкін.

Нысанның құрылысын 2020 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарымен қатар мердігер іргелес аумақты абаттандыруға міндетті. Болат Бақауов жұмыс сапасына ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, аймақ басшысы  жеке тұрғын үй құрылысы шағын ауданында жаңа қазандық пен жеке үйлердің құрылысы жүріп жатқан Ақсу қаласында болды. Әкімнің айтуынша, екі жоба да қала мен оның тұрғындары үшін өте маңызды, сондықтан мерзімінде тапсырылуы тиіс.

 

Фото: Валерий Бугаев

 

pavlodarnews.kz

Тэги: аквапарк, Павлодар, Булат Бакауов, Аксу