Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

- Біздің өңірде атқарған қызметтердің бәрінде ол өзін барлық қажетті білім, білік, дағдылармен қаруланған сауатты басқарушы ретінде көрсетті. Ол мемлекеттік саясат мәселелерін жақсы түсінеді, өндірістік және кәсіпкерлік сала мәселелерін меңгерген. Оның тәжірибесін есепке алып, жаңа әкім Ертіс ауданы экономикасының кластерлік дамуын жаңа деңгейге шығарады деп ойлаймын. Жыл соңына дейін бірнеше ай ғана қалды, - деп жазады аймақ басшысы.

Болат Бақауов Аян Бейсекинге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық индикаторларын орындауды және күрделі мәселелерді шешуді тапсырды. Сондай-ақ, ауданның экономикасын көтеріп, шағын және орта бизнестің жұмысын дамыту қажет екенін атап өтті.

 

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам