Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

18 тамызда Гонконгта үкіметке қарсы митингке 1,7 млн адам шықты. Бұл туралы ұйымдастырушылар Reuters агенттігіне хабарлады.

Бұл цифрды митинг ақталған соң Civil Human Rights Front ұйымының өкілі Гонконг тұрғындарын митингке шақырып жүрген Джимми Шан хабарлады.

Осылайша, жаңбырдың қатты жауғанына қарамастан, Гонконгта жаппай митинг бейбіт өтті.

Полицияның хабарлауынша, Виктория паркінде 128 мың адам шыққан. Бірақ митингке қатысушылардың кейбірі жергілікті билік рұқсат берген орыннан ауытқып кеткен.

Айта кетсек, Гонконгтағы ереуіл бірнеше айдан бері жалғасып келеді.

Сянгандағы (Гонконг) бейбіт митингке шығушыларды батыстық кейбір ел арнайы араңдатып шығарып отыр. Мұндай пікірді ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо журналистермен кездесу барысында айтты.

pavlodarnews.kz

Тэги: