Бұл туралы ЖОО баспасөз қызметі мәлім етті.

- Бұл сервистің көмегімен ЖСН арқылы жатақханадан орын алуға өтініш білдіруге болады, - деді баспасөз қызметінде. – «Саналы ұрпақ» фронт-кеңсесі үйлестіретін порталдың негізгі міндеті – мемлекеттік қызметтер мен студенттерге қызмет көрсету орталығына қатысты үрдістерді басқару, құқықбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдіктерін жою.

Өтініш беру процедурасы қарапайым. Жүйеге алғаш рет кіргенде порталға ЖСН арқылы тіркелу керек. Қызметтер тізімінен жоғары оқу орнында білім алушыға жатақхана беруді таңдап, қажетті құжаттарды жүктеу керек.

Құжаттар электронды түрде берілгеннен соң орталыққа келіп, өтінішке қол қою керек. Орталық университеттің бас оқу корпусының 122-кабинетінде орналасқан.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, ПМУ, жатақхана