Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

- Оның терең әрі жан-жақты білімі, шаруашылық икем-дағдылары жүктелген мақсат-міндеттерді сәтті іске асыруға мүмкіндік береді. Николая Васильевичтің кәсіби және саяси тәжірибесін, басқарушы лауазымдарда ұзақ жыл қызмет атқарғанын есепке алсақ, ол Успен ауданының дамуына тың серпін береді деп ойлаймын, - деп жазды өңір басшысы.

Облыс әкімі қазіргі кезде Успен ауданының экономикалық даму потенциалы аса зор екенін атап өтті. Өзге аудандармен салыстырғанда ол аумағы жағынан кішірек әрі адам саны аз болса да шекарада орналасқандықтан өңір үшін аса маңызды стратегиялық рөл атқарады.

- Өкінішке қарай, соңғы кезде ауданға бір де бір инвестор тартылған жоқ, - деді Болат Бақауов. – Ауданның дамуы негізінен «Галицкое» ЖШС-нің есебінен жүріп жатыр. Аудандағы шағын және орта бизнес дамымай жатыр. Тіпті, аудан орталығында бір де бір заманауи сауда орталығы, қонақ үй, дәмхана жоқ. Қызмет көрсету саласы дамымай жатыр. Сондықтан жаңа әкім шағын және орта бизнесті белсендіріп, кәсіпкерлік жобаларына сараптама жүргізуі тиіс. Егер, жергілікті қауымдастықпен және кәсіпкерлермен тығыз жұмыс жүргізсе, Успен ауданының байырғы даңқын қайта жаңғыртуға болады.

Айта кетейік, Николай Дычко бұған дейін «Nur Otan» партиясы облыстық филилалы төрағасының бірінші орынбасары міндетін атқарған.

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Успен, аудан, әкім, саясат