Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Жаңа бағдарламаны ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы әзірлеп жатыр.

«Мұнда «Денсаулық туралы кодексті» қайта жазып шықтық деуге болады. Және онда келесі жаздан бастап күшіне енетін жаңа төрт екпін көрсетілген. Мәселен, қоғамдық денсаулықты қадағалау қызметі, азаматтардың ынтымақтық жауапкершілігі мәселелері қозғалды. Біздің қоғамда науқастың денсаулығына да, оның өмір салтына да дәрігер жауапты. Дәл осы менталитетті өзіндік сана-сезімге алмастырғымыз келеді. Медициналық қызметкерлердің мәртебесін көтеру де - маңызды фактор. Электронды денсаулық сақтауды дамытуда ақпараттың қолды болмауын қамтамасыз еткен жөн», - деді ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова Республикалық денсаулық сақтау орталығында өткен кездесуде.

Оның айтуынша, жаңа мемлекеттік бағдарлама желтоқсан айында бекітіліп, 2020 жылы енгізіледі.

«Біз ең басты үш міндетті айқындадық. Алғаш рет мемлекеттік бағдарлама ғана емес, алдағы алты жылға денсаулық сақтаудың қаржылық моделін құрып отырмыз. Біз ЖІӨ шығындарын 5% дейін ұлғайтамыз. Шығындардың басым бөлігі медициналық қызметтерге жұмсалады. Біз мемлекеттен алдағы бірнеше жылға денсаулық сақтау шығындарын ұлғайтуды сұрадық. Саяси тұрғыда тым асқақ естілгенімен, Президент қолдады», - деді А. Айыпханова.

pavlodarnews.kz

Тэги: