Синоптиктердің болжауынша, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік шығыстың кей жерлерінде найзағайлы жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

 Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, республиканың солтүстігінің кей жерлерінде дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматыда, таңертең және күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлеріңде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістанда, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі. Күндіз Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлеріңде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында күндіз қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстік шығысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

pavlodarnews.kz

Тэги: