Қалалық білім беру бөлімінің хабарлауынша, 4 сыныпқа көшкен Андрей экотуризммен айналысады, оқудан бос уақытында балалар мен жасөспірімдердің экология және туризм орталығына барады. Экотуризм бойынша жыл сайынғы «Ертіс зори» жарыстарына қатысады.

Оқу озаты, мектеп пен сыныптың қоғамдық өміріне белсенділік танытады. Менталдық арифметикамен 3 сыныптан бастап анасымен бірге айналысады.

Андрей «Мәтінтану» қалалық конкурсы мен ПОНИ, «Адам және табиғат» халықаралық конкурстарының белсенді қатысушысы. Математика пәнінен халықаралық интернет-олимпиадада 2019 жылы I орынға ие болды.

- Оның менталды арифметикаға  деген қызығушылығы зор. Андрей  болашақта ғалым болғысы келеді, - дейді баланың анасы, география пәні мұғалімі, бірінші санатты педагог Оксана Бовина.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім