Облыстық ҚХА секретариатының меңгерушісі Айнұр Сәрсенбаева жолдар мен көпірлердің құрылысына тікелей атсалысатын Шакир Хахазовтың жұмыс жоспарында кәсіпорындар мен мекеме-ұйымдарда бірқатар  жүздесу жоспарланғанын жеткізді.

.- Бүгінгі жиынға ЭМБ төрағалары мен орынбасарлары, «Жаңғыру жолы» жастар қанатының мүшелері де келіп отыр. ҚХА жанында 24 этномәдени бірлестік бар, - деді секретариат меңгерушісі.

Шакир Хахазов ҚХА депутаттарының атынан 2018-2019 жылдары 2000 өзгеріс енгізілгеніне тоқталды. 

- Мысалы, осы өзгерістердің нәтижесінде жүргізуші куәліктерінің мерзімі өтіп кетсе де айыппұлсыз және емтихансыз ауыстыруға болатынын атап өтуге болады. Бұған дейін мұндай мүмкіндік болмайтын. Сондай-ақ, МАИ қызметкерлері бұрын тоқтатқан кезде видеоға түсіруге болмайтын. Ал, қазіргі таңда көлікті тоқтатқан жағдайда МАИ қызметкері өзін таныстырып, не үшін тоқтатқанын айтуы керек.  

Украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Михаил Парипса егде жастағы  адамдарға берілетін тегін дәрі-дәрмектердің дұрыс жетпей жататынына қапапы екенін айтып, мәселенің шешімін табуды өтінді.

Парламент Мәжілісінің депутаты Павлодар облысында 24 тамызға дейін болатынын және барлық ұсыныс-тілектерді  үкіметке жеткізетінін атап өтті.

-  Мүмкін қандай да бір жаңашылдық енгізу керек, - деді  Шакир Хахазов. - Сіздердің тараптарыңыздан нақты ұсыныстарды естіп, барлық тілектеріңіз бен ескертулеріңізді жоғары мінбеден шешуге тырысамыз.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам