Бұл туралы BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

"Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын", - делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, президенттің жарлығымен Гүлшара Әбдіқалықова қызметінен кетті.

"Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын", - деп хабарлады Ақордада.

Бұған дейін Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болатынын хабарлағанбыз.

pavlodarnews.kz

Тэги: