Білім беру мекемесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның AREdu бағдарламасы физика, химия және биология пәндерін AR технологиясы арқылы оқуға мүмкіндік береді. Жетекшісі - Қуаныш Мағауин. 

Аталмыш жобаның мақсаты – материалды дұрыс меңгеруге көмектесу. Яғни, оқушының көз алдында барлық нысандар 3D арқылы ұсынылады. Түрлі эксперименттер мен адам ағзасын 360 градустан бақылауға мүмкіндік береді.

- Бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі балаларға арналған осыған ұқсас әліпби сияқты жобалар бар, - дейді баспасөз хатшысы Рымгүл Божақанова. - Бұл қосымша 7-12 сынып оқушыларын оқытуға арналған. Бұған қоса, мемлекеттік тілде құрастырылғанымен ерекшеленеді. Іos и android платформасында жүзеге асырылады. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының арасында сынақтан өткізілді.

Балалар 3D білім беру процесіне толығымен еніп кетеді және емтихан кезінде барлық компоненттерді көз алдына елестетуге болады. Бұл қосымша арнайы карточкалар арқылы жұмыс істейді. Қолданушы камераны карточкаға қарай бағыттаған сәтте виртуалды ұстаз бен 3 D нысандар пайда болады.

Ақбота Сейсенбаева
Фото: НЗМ

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам