Бірақ, әзірше еш нәтиже жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Бүгін таңертеңгі сағат 09-30- ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты «Қазавиақұтқару» мекемесінің МИ-171 борты «Оңтүстік Инылчек» базасына жеткен. «Бір жарым сағат бойы (сағат 10-00-ден 11-30-ға дейін) альпинистер мен жоғалғандардың туыстары мінген борт тепловизор көмегімен 5 200-6 400 метр биіктікте іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізді. Іздеу зардап шеккен альпинистердің болуы мүмкін ауданда жүргізілді. Қазіргі уақытта еш нәтиже жоқ», - деді комитеттен.

Еске салсақ, алматылық альпинистер тобы Қырғыз тауларында жоғалған. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тауда қазақстандық альпинистер тобының жоғалып кетуіне қатысты Instagram парақшасында алаңдаушылық білдірді. Кейінірек жоғалған альпинистердің бірінің қызы әлеуметтік желі арқылы қалың көпшіліктен көмек сұрады. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі альпинистерді құтқару операциясын бастады.

pavlodarnews.kz

Тэги: