BRIJ CEMENT Үнді компаниясының өкілдері кәсіпорын құрылысы аясында өңірдің мүмкіндіктерін бағалау үшін Павлодарға арнайы келді.

Компания құрылтайшысы Кумар Саурабтың айтуынша, оларды электр құны қызықтырады, себебі жобаны іске асыру үшін бастапқы кезеңде ғана 25 МВт электр энергиясы қажет болады.

- Негізінен біз саздан цемент өндірумен айналысамыз, сондай-ақ плитка мен шыны шығарамыз, - деді ол. - Бізде 11 мың қызметкер бар, компанияның жылдық айналымы 1,1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Қазақстанда өндірісті ашуды шешкен кезде бізге арзан электр энергиясы бар Павлодар облысын ұсынды.

Шетелдік бизнесмендерде қазірдің өзінде дайын жоба бар, оны қазақстандыққа бейімдеу қажет. Шикізатқа келетін болсақ, кәсіпкерлер ферросиликон өндірісіндегі негізгі шикізат – кварцитті Қазақстанның кез келген өңірінде сатып алатын еді.

Әлеуетті инвесторларды қабылдаған Павлодар облысы әкімінің орынбасары Алмас Батанов Екібастұзға жақын индустриялық аймақта зауыт салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Ол жерде бүгінде төрт энергия жұмсайтын жоба жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, Үндістаннан келген қонақтарға «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында болуға кеңес берілді. BRIJ CEMENT  топ-менеджерлері алаңдарда болғаннан кейін тараптар ынтымақтастық жолын талқылайды.

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам