Деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біржан Нұрымбетовті Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

- Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, - делінеді Жарлық мәтінінде.

20 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына жаңа министр Біржан Нұрымбетовты таныстырды.

ҚР Үкіметінің басшысы Бердібек Сапарбаевқа қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Оның басшылығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік саланы жаңғырту бойынша қойған міндеттерін шешуге қатысты жүйелі жұмысты ұйымдастырды.

Жаңа министрді таныстыру кезінде Асқар Мамин Біржан Нұрымбетовтың әлеуметтік саладағы 20 жылдық жұмыс тәжірибесін атап өтті. Түрлі жылдары ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып жұмыс істеді, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысының орынбасары лауазымында болды. 2017 жылдан бастап ҚР кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Нұрымбетов Біржан Бидейбекұлы 1968 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін - Механика және қолданбалы математика, Алматы экономика және статистика академиясын - қаржы бакалавры бітірген.

pavlodarnews.kz

Тэги: