Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Полицейлер автокөліктерді айдап әкету және автокөлік салоны ұрлықтары профилактикасы мақсатында рейдтік шаралар өткізді, - деді баспасөз қызметінде. – Нәтижесінде Павлодар қаласының көп қабатты үйлерінің бірінің ауласынан есіктері немесе терезелері жабылмай ашық қалған 6 автокөлікті анықтады. Кілттерін от алдыру тетігінде қалдырып, көлік толық қауіпсіздікте деп үйде бейқам отырған көлік иелері де болған.

Мысалы, түнгі сағат 1:20-да патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Малайсары батыр көшесі, 15 үйдің ауласында артқы есігінің терезесі ашық ВАЗ маркалы көлікті анықтады.

Полицейлер облыс тұрғындары мен қонақтарынан өз мүліктеріне мұқият қарауды сұрайды.

Қарапайым ережелерді сақтау мүлік ұрлығы мен сіздің автокөлігіңізге зиян келтіру жағдайларын төмендетеді. Егер сіз көлігіңізді қысқа мерзімге болсын қалдырған болсаңыз, салон есіктері мен жүк салғышты жабуды ұмытпаңыз. Сондай-ақ автокөлік күзет дабылымен жабдықталған болса үнемі іске қосыңыз. Автокөлік салонында, әсіресе, көз көретін жерде, бағалы заттарды қалдырмаңыз. Автокөлікті көлікжайдан және күзеттегі көлік қалдыратын орындардан тыс, тұрғын үйлер ауласына ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Өз мүлкіңізге мұқият болу келеңсіз жағдайлардан сақтайтынын естен шығармаңыз!

Фото ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, көлік, қауіпсіздік, ПД