Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

"Жолаушы сапардан бас тартқанына байланысты жол құжатын қайтарып беру операциясы үшін 1000 теңге көлемінде ақша ұстау алынып тасталды", - деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ атқарушы директоры Едіге Мыханов.

Мүгедектіктің барлық тобының, сондай-ақ мүгедек балалардың сапарына қатысты өзгерестер енгізілді. Оларға билетті негізгі құнынан 50 пайыз көлемінде жеңілдікпен сатып алуға болады. Ал коммерциялық бағыттар бойынша - тасымалдаушының көзқарасына байланысты.

2018 жылы "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыз билетін қайтарып бергендерге 1000 теңге айыппұл салатындарын хабарлаған еді.

pavlodarnews.kz

Тэги: