Пленарлық бөлім «Әлеуметтік инновация: Өңірлік дамудың табысты формуласы» тақырыбында өтті. Шараға «SERPIN» білім және инновация ұлттық палатасының төрағасы Мұрат Әбенов модератор болды.

Жиынға ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин, облыс әкімі Болат Бақауов, «Атамекен» ҰКК басқармасы төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, «Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ басқармасының төрайымы Айгүл Соловьева қатысты.

- Бұл Қазақстандағы айтарлықтай аумақ ұсынылған алғашқы нағыз Азаматтық альянс үйі, - дейді Асылбек Қожахметов. - Кеше барып өз көзіммен көрдім. Барлығы жақсы жұмыс істеп тұр. Халық риза. Бұл белгілі бір альянстың, бірлестіктің көрсеткіші. Жоба материалдық және моральдық тұрғыдан жүзеге асырылуы керек. Сол үшін алғыс айтқым келеді.

«Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті бизнестің кейбір саласын ынталандыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қосуды ұсынды.

- Олардың әлеуметтік маңызы болуы тиіс, - дейді Асылбек Қожахметов. - Сонымен қатар, бақылау кеңесіне қажетті кәсіби біліктілігі бар азаматтық сектор және «Самұрық-Қазына»,  «Бәйтерек» және «Агрохолдинг»  өкілдерін қосқан дұрыс болар еді.

  -  Республикада екі миллионға жуық кәсіпкер жұмыс істейді және  барлығы жұмыс орындарын ұсыну, әлеуметтік және зейнетақы жарналарын төлеу арқылы мемлекеттің әлеуметтік дамуына қатысады. Осылайша, Қазақстандағы бизнес өзінің мәні бойынша әлеуметтік тұрғыдан 100%-ға бағдарланған. Сонымен қатар, біз бизнес-қауымдастықтың әлеуетін, әлеуметтік инновациялардың драйвері болуы мүмкіндігін көріп отырмыз. Мұнда азаматтық қоғам институттары олардың серіктестері бола алады. Жалпы, Қазақстанда ҮЕҰ-Бизнес-мемлекет форматында әлеуметтік ынтымақтастық жұмыс істеп жатқанын атап өтуге болады. Бүгін мемлекет үшжақты ынтымақтастықты дамыту үшін қажетті жағдайларды үнемі жетілдіріп отырады. Бұл үдеріске Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қуатты серпін берді. Ол жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін шешу, жалпыұлттық патриотизмді нығайту үшін азаматтар, ҮЕҰ және бизнесмендер бірлестігінің негізгі құрамдас бөлігіне айналды, - деді Данияр Есин.

Еске сала кетейік, 2018 жылы Лермонтов көшесі, 44 мекенжайы бойынша бұрынғы «Жігер» клубында өңірдегі 12 ең тиімді үкіметтік емес ұйымның кеңселері мен зал, коворкинг орталық орналасқан Азаматтық альянс үйі ашылған. Мұнда ұйымдар кездесулер мен тренингтер ұйымдастырады.

Бұл жерде Мейірімділер клубы, облыстық «Жасыл ел» жастар штабы, География үйі, өңірлік «Жартылай қызыл ай» филиалы, «Үміт үзбеу» және басқа да белгілі ұйымдар жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеке кіретін есік жасалған.


Ақбота Сейсенбаева

Фото: Валерий Бугаев

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам