Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Павлодар қаласы Крупская көшесінде 29 және 44 жастағы екі қала тұрғыны, 21 жастағы облыс тұрғынына тиесілі «LADA Priora» маркалы автомашинаны айдап әкеткен, - деді баспасөз қызметінде. – Олардың бірі бұрын сотты болған.

Павлодарлық жедел уәкілдермен қос азамат анықталып ұсталды. Көлік иесіне жарамды күйде қайтарылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Айта кетейік, Павлодарлық полицейлер жыл басынан бері 53 автокөлікті айдап әкету фактісін ашты.

Фото ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, көлік, ПД