- Сынып жетекшілері әрдайым өз оқушыларына әсер етеді, - деп атап өтті аймақ басшысы. - Мектеп оқушыларын оқытудың сәтті тәжірибесімен бөлісетін үлгілі сынып жетекшілерінің пулын қалыптастыру өте маңызды. Сонымен қатар, айына бір рет сынып жетекшілеріне оқушылардың арасында «Мен осы айда неге қол жеткіздім?», «Мен осы айда не істей алмадым?» және «Істей алмағанымды қалай түзетемін?» деген сияқты үш сұрақтан тұратын эссе жазуды ұйымдастыруды ұсынамын. Бұл эсселерді файлдық папкаға жинауға болады. Осылайша, кез келген оқушы жаңа жолдарды немесе бұрын жазғандарын қайта оқу арқылы өз бағытын талдайды. Нәтижесінде үлгерімін арттырып, жаңа машықтарды игере алады.

Бұдан басқа, облыс әкімі оқушыларды табысты мектеп бітірушілерді үлгі ету арқылы ынталандыру жолын қарастыруға кеңес берді.

 - Оқушыларды табысқа жету жолына бағыттау үшін әр мектепте табысты түлектердің бұрышын құру және олармен жүйелі кездесулер өткізу жөнінде ұсыныс бар, - деді Болат Бақауов. – Балалар осы мектепке барған, сол парталарда отырған адамның табысқа жету жолдарын білуі тиіс. Біздің аймақтың әрбір мектебі үздік түлектерімен мақтана алатынына сенімдімін. Сонымен қатар, мұның барлығы сол мектепте жақсы тұлғаны тәрбиелеген ұстаздарының беделін арттыра түседі. 


Ақбота Сейсенбаева

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам