Куәгерлердің айтуынша, Audi100 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы зардап шеккен.

- Ер адамның кеуде қуысы зақымданған, үш әйел бас-ми жарақаттарын алған, біреуінің жамбасы, екіншісінде иығы, үшіншісінде бұғанасы сынған, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. - Барлық диагноздар алдын ала қойылған. Барлық төрт зардап шеккен адам Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті тіркелгенін және жол апатының себебі анықталуда екенін хабарлады.

 

Томирис Бекжан

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам