Облыстық статистика департаментінің мәлімдеуінше, 2019 жылғы қаңтар-шілдедегі тас көмір және лигнит 73,4 млрд теңге сомасында өндірілді. Ол жалпы облыс өнеркәсібі көлемінде 6,5 пайызды құрайды.

-    Көмір өндіру бойынша Павлодар облысы республикада бірінші орында (38 млн тонна). – деді департаментте. – Мемлекетіміздің жалпы көмір өндірісіндегі (62,4 млн. тонна) Павлодар облысының үлес салмағы 60,8 пайыз. Келесі кезекте Қарағанды облысы – 32,9 пайыз және Шығыс Қазақстан облысы – 6,1 пайызды құрады.

Ағымдағы жылғы қаңтар-шілдеде көмір және лигнит өндірісіне салынған инвестициялар 12,9 млрд теңге құрады. Бұл алдыңғы жылғы сәйкес кезең деңгейінен 2,1 есе төмен көрсеткіш.

Айта кетейік, 2019 жылғы қаңтар-маусымда көмір өнеркәсібі жұмысшыларының облыстық орташа айлық еңбекақысы 216005 теңгені құрады, бұл республикадан 19,9 пайызға (269604 теңге) төмен және облыстың өнеркәсібі еңбекақысынан 10,6 пайызға жоғары көрсеткіш.

Фото ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, көмір, өндіріс