Бұл туралы ҚазАқпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бурабай ауылының әкімі Талғат Амантаев қызметтік автокөлікке алкогольдік мас күйінде отырған. Әкімді Щучинск қаласының жол полициясы қызметкерлері «Самал» дәмханасының жанында тоқтатып, содан кейін медициналық куәландыруға жіберді.

Талдау нәтижесі жеңіл дәрежедегі алкогольдік мастықтың болуын көрсетті. Осыған байланысты, Бурабай аудандық сотының қаулысымен Талғат Амантаев ҚР ӘҚтК 608 б. 1 т. бойынша кінәлі деп мойындалып, оған үш жыл бойы автокөлік құралын жүргізу құқығынан айыру жөніндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Амантаев Т.Б. жасаған ісіне өкінді, бірақ Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері бұл теріс қылық одан әрі мемлекеттік қызметте еңбек етуге сәйкес келмейді деп есептеді.

Сонымен қатар, қарамағындағылармен қарым-қатынас кезінде қызметтік этиканы, еңбек тәртібін өрескел бұзуға жол берген Бұланды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жасұлан Шәймерденовті атқарып отырған лауазымынан босату ұсынылды.

pavlodarnews.kz

Тэги: