Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаев мәлім етті. 

- Аталған көрсеткіш өткен жылға қарағанда 249 адамға көп, - деді Нұрлан Есембаев. – Ауылдық жерлерде спортпен 70 мыңнан астам тұрғын шұғылданады. Жалпы, көрсеткіштер бойынша халық арасында спортпен шұғылданатындар үлесі 30,5 пайызды құрады. Облыста дене шынықтыру және спортты дамыту жұмыстары 916 дене шынықтыру ұжымында көрініс тапқан. Оның 512-сі ауылда.

Спикердің айтуынша, дене шынықтыру және спорт саласында 3 255 адам жұмыс істейді. Оның ішінде жоғары білімді – 1 745 адам, орта арнайы білімді – 347 адам бар.

- Облыстағы спорт мектептерінде спорт түрлері бойынша 696 жаттықтырушы жұмыс істейді, - деді Нұрлан Есембаев. – Оның ішінде штатта – 367, дене шынықтыру білімі бар – 367 жаттықтырушы. Олардың 60-ы жоғары санатты, 30-ы бірінші санатты, 93-і екінші санатты маман.

Балалар мен жасөспірімдер спорты 22 балалар-жасөспірімдер мектебінде дамуда. Оның 4-і олимпиадалық резерв мектептері. 22 мекемеде 24 356 бала оқиды. Ауылдық жерлерде оқитындар саны – 7 256. Олимпиадалық резервтегі облыстық мектеп-интернат-колледждерде 369 жас спортшы оқиды.

Оразбек Саяхат
Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, спорт