Бұл туралы BAQ.KZ kursiv.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

229 жолаушысы бар «Аэрофлоттың» ұшағы Мәскеу-Бейжің бағыты бойынша ұшуға дайындалып тұрған. Алайда оған буксирмен сүйреп әкетіп бара жатқан Royal Flight әуекомпаниясының ұшағы келіп соғылған.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ұшақты сүйреп алып бара жатқан жүргізуші ара қашықтықты дұрыс есептемеген, нәтижесінде Royal Flight пен Аэрофлот ұшақтарының қанаттары соғылысып қалған.

«Аэрофлот» әуекомпаниясының баспасөз қызметі ұшақтардың бүлінуіне байланысты SU202 Мәскеу-Бейжің рейсінің кешіктірілгенін растады. Әуе кемесінде отырған жолаушылардың барлығы дін аман. Компания жолаушылар үшін қосымша рейсті ресімдеген. Ал, екінші ұшақ бос болған.

pavlodarnews.kz

Тэги: