- Кеше ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын тыңдадық, - деді Оразбек Бахытхан. - Әрбір Қазақстандық үшін президент  Жолдауы ерекше маңызға ие. Ауылдық жерлердегі жас мұғалімдер кадрларының тапшылығын азайту мақсатында «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, келесі жылдан бастап қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізу – біз үшін қуанышты жаңалық. Облысымыздың ауылдарына жыл соңына дейін 400-ден аса жас маман келеді. Келесі жылы бұл көрсеткіш одан әрі өсетініне сенімдімін.

 Сондай-ақ, жас маман облыста еріктілерге ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтып, оған дәлел ретінде «Еріктілер үйінің» атқарып жатқан жұмысына тоқталды.

 - Президентіміз 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялады, - деді Оразбек Бахытхан. - 2019 жастар жылы аясында жас кәсіпкерлеге үлкен мүмкіндіктер берілді. Болат Жұмабекұлының қолдауының арқасында өңірімізде «Жас шебер» бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Аталмыш жоба аясында қазіргі уақытта 520 жас кәсіпкер өзінің алғашқы еңбектерінің жемісін көруде. Бұған қоса, Ертіс-Баян өңірінің қоғамдық жұмыстарына белсенді араласып жүрген және әртүрлі санаттағы жастарды қолдау мақсатында биылғы жылы тұңғыш рет «Ертіс дарыны» премиясы ұйымдастырылады. Бұл облысымыздың дамуына үлес қосып жүрген жастардың еңбегін бағалаудың жарқын үлгісі болары анық.

 

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім