Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Ведомствоның дерегі бойынша, Біржан сал ауданының прокуратурасы оқушылардың сапалы білім алуда құқығын қорғау мақсатында білім заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізген.

«Тексеріс барысында жалған дипломды қолданудың 15 оқиғасы анықталды. Арнаулы орта білімі бар педагогикалық қызметкерлер айлығына қосымша төлем алу үшін жалпы білім беретін мектептерге жоғары білімі туралы жалған дипломдарды ұсынған», - дейді ведомстводан.

Жалған дипломы анықталған мұғалімдер бастауыш сыныптарға, қазақ тілі мен әдебиеті, дене шынықтыру, математика және еңбек пәндерінен сабақ өткізген.

«Жалған диплом үшін 15 мұғалімнің үстінен ҚР ҚК 385 бабының 3 бөлігі (жалған құжат, штамп, мөр, бланк, пошта төлемдерінің мемлекеттік белгілері, мемлекеттік награда жасау және саудалау) қылмыстық іс қозғалды.

Кінәсін мойындап, өкінген әр педагогке сот үкімімен 10 АЕК (25 250 теңге) көлемінде айыппұл түрінде жаза қолданды», деп толықтырды Ақмола облыстық прокуратурасындағылар.  

pavlodarnews.kz

Тэги: