16 Қыркүйек 2019 жыл
Қаз Рус
Рус Каз

Тұрғынның сауалына жауап бермеген шенді жазаланды

Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жандос Өтеулин Әдеп кеңесіне шақырылды, - деп хабарлайды  tengrinews.kz Aktobenews.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

 Мемлекеттік қызметте жеті жылдан бері жүрген маман тұрғынның сауалын жауапсыз қалдырған. Кеңес талқылауында қала тұрғынының шілде айында екі рет хат жазғаны белгілі болды. Тұрғын 2013-2019 жылдардағы Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақты күту жұмыстарына кететін шығын мен бюджетке түсетін кірісті әкімдікке сауалнама жіберіп сұраған. Анықталғандай, басшы аталмыш мәліметті беруден бас тартқан. Бөлім басшысы өзіне тағылған кінәні мойындап, тұрғын сауалына мемлекеттік қызметкерлердің тексерісінен кейін жауап бергенін баяндады. Басшылық қызметтегі маманның әрекеті немқұрайлық таныту деп бағаланып, ескерту берілді. 

Жаңалықтар

Система Orphus