- Аталмыш зияткерлік жарыста №8 мектеп-лицейінің 1 «Ә» сынып оқушысы Ахмет Сулейман 8 жасқа дейінгі ер балалар арасында блицте 142-ден алтыншы орынға ие болды,  - дейді обылстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Бақдәулет Нұрмат.  - Жаттықтырушы Сергей Мансуровтың жетекшілігімен Сулейман жарты жыл бойы шахматпен айналысады. Осы уақыт ішінде ол бірнеше рет қалалық және облыстық жарыстардың жеңімпазы атанған.

Бұған дейін ол облыстық білім басқармасы аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың желтоқсан айында мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Жұлдызды дебют» облыстық турнирінде бірінші орын алған.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім