Бұл туралы  BAQ.KZ тілшісі хабарлайды. 

"Tengri Bank" АҚ басқарушы директоры Дмитрий Яковлев несиесі кешірілген қазақстандықтар "қара тізімге" енгізіледі деген ақпаратты негізсіз деп атады.

"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты Жарлығы, қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмектесу, оларға өздерінің отбасыларының қаржылық ахуалын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беруге бағытталған бір жолғы теңдессіз әлеуметтік көмек көрсету акциясы. Несиелері кешірілген қазақстандықтар қара тізімге енгізіледі деген ақпаратты негізсіз деп білемін", - деді банктің басқарушы директор.

Оның сөзінше, себебі Tengri Bank өзінің ішкі несиелік саясатына байлансыты ондай шектеу қоятын шешім қабылдаған жоқ.

"Несиелері кешірілген клиенттер банкке қайта арыз тапсырып, ішкі талаптарға сәйкес несие алуларына болады", - деп сөзін түйіндеді Дмитрий Яковлев.

Фото: ашық дереккөз

pavlodarnews.kz

Тэги: