Бұл туралы  BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

Президент наградаларды Ақордада өткен салтанатты рәсім барысында табыстады. Ол өз сөзінде Арыстағы оқиғада ерлік көрсеткендер жайлы айтып берді.

"Көлік жүргізушісі Асқар Әбдіқалық "Лидер" балабақшасындағы 70 баланы қатерден құтқарды. Ал медбике Күмісай Тұманова ауруханада емделіп жатқан балаларды қауіпсіз аймаққа жеткізді. Олар сол сәтте өздерінің өміріне де қауіп келетінін ойламастан, тәуекелге бас тікті. Мен тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірген және паналатқан азаматтарға зор ризашылығымды білдіремін. Зардап шеккендерді емдеп, олардың өмірі үшін күрескен дәрігерлерге алғыс айтамын. Дәл осындай төтенше жағдай кезінде азаматтарымыз бір адамдай жұмылып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, еңбек етті. Барлық өңірдің өкілдері Арысқа аттанып, қаржылай және заттай көмек көрсетті, азық-түлік жолдады. Бұл біздің халқымызға тән ерекше мейірім, қайырымдылық пен парасаттылық деп білемін", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы барлығы 40 азаматты марапаттады. Мәселен, әскери қызметкерлер - подполковник Ержан Баймолдин мен подполковник Заманбек Жанжігітов, азаматтық қорғаныс полковнигі Нұрғали Жүнісов, полиция полковнигі Әбдіғани Сейдулиев ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды. Бұған қоса, бірақтар азамат ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, "Құрмет" орденімен, "Ерлігі үшін" медалімен, "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен , "Шапағат" медалімен марапатталды.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев "Арыс тыныштығы бұзылғанымен, елдің рухы түскен жоқ" деп айтқан болатын.

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

pavlodarnews.kz

Тэги: