ТКШ бөлімінің бас маманы Темір Қасқабаевтың айтуынша, былтырғы жылмен салыстырғанда залалды жоюға рұқсат беру 15%-ға өскен. Айыппұлдар өндірісі де ұлғайған. Мәселен, 2018 жылдың соңында 7 миллион теңгеге жетпесе, биыл маусым аяқталмаған кездің өзінде бұл сомадан асып кеткен.

 

- Әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 7 миллион теңгеден асты, - дейді бас маман. - Әкімшілік жаза сонымен қатар абаттандыруды дұрыс және уақтылы қалпына келтірмегені үшін де қолданылды. Рейдтік іс-шаралар кезінде жергілікті полиция органдарымен бірлесіп әртүрлі заң бұзушылықтар үшін 24 әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде жолдарды күтіп ұстау және көгалдандыру ережелері кіреді. Жалпы сомасы 5 миллион 288 мың теңге айыппұл салынған.
«Павлодар жылу желілері» ЖШС үш миллионнан теңгеден астам, ал «ПРЭК» АҚ-ға 1,9 миллион теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, 56 учаскеде жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін материалдар қала құрылысы және жерді бақылау органдарына жіберілді. Оның ішінде 23 материал «Павлодар жылу желілері» ЖШС-не, 19 материал «Павлодар-Су арнасына» жолданды. Осы материалдардың негізінде қала құрылысы және жерді бақылау бөлімі 2 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салды.

- Минин көшесінің бойындағы Герингтан Заслоновқа дейінгі учаскеде жылу маусымына дайындық аясында «Павлодар жылу желілері» ЖШС 450 метрлік жылу желісін ауыстыруда. - деді Темір Қасқабаев. - Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. 20 тамызда басталған жұмыс қыркүйектің ортасында аяқталады. Қыста да абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылады. Қысқа қалып қойғандар 2020 жылдың мамыр айында қалпына келтірілетін болады.

Бүгінде облыс орталығында 22 учаскеде зақымданулар қалпына келтіріліп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қалалық ТКШ бөлімінің маманы барлық жұмыстар қыркүйектің аяғында аяқталады деп сендіруде.

 Айгүл Жүсіпова 

Фото: Индира Лятина

pavlodarnews.kz

Тэги: