Мәшһүр Жүсіп орталық мешіті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Ақмешіт» мешітін екі жылға жуық басқарған Нұрлан Ефратұлы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұр-Астана» мешітіне наиб-имам болып ауысты. Ал оның орнына Бас Мүфтидің бұйрығымен «Ақмешітте» ұзақ жылдар бойы наиб-имам қызметін атқарған Әбілқайыр Қазыбекұлы тағайындалды.

- Жолдас қажы Қоспақұлы Елордаға ауысқан Нұрлан Ефратұлына атқарған қызметі үшін ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыс етті. Иығына шапан жапты. Сондай-ақ ол жаңа имам Әбілқайыр Қазыбекұлының алдағы жұмысына сәттілік тілеп, маңыз бөлуге тиіс бағыттарды атады, - дейді баспасөз қызметінде.

Әбілқайыр Қазыбекұлы Қылышев 1984 жылы 15 қыркүйекте дүниеге келген. Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі. 2005-2007 жылдары Мысыр елінде білімін жетілдірген. Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде қызмет атқарған. 2008-2013 жылдар аралығында Павлодар қаласындағы Әбу-Бәкір Сыддық мешітінің имамы болып еңбек етті. 2013 жылдан бастап «Ақмешіт» мешітінде жұмыс істеп келеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам