Бұл туралы BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың кейбіреулерінің жасы 60 миллион жылға жетеді. 28 күнге созылған теңіз саяхаты кезінде ғалымдар теңіз астының қалай қалыптасқанын түсінуге көмектесетін су асты картасын жасады.

«Біз тау жыныстарының 650 үлгісін жинадық, олардың кейбіреулері 4,5 шақырымға дейін тереңдікте. Олар Маржан теңізінің тарихы мен оның миллиондаған жыл бұрын пайда болуы туралы маңызды сұрақтарға жауап беруге көмектеседі», - деді экспедиция жетекшісі, Тасмания университетінің доценті Джо Уиттакер.

Су астындағы ландшафтарды зерттеу экспедициясының екінші кезеңі жақын арада басталады, зерттеу барысында ғалымдар Шығыс-Австралиялық ағымын зерттемек. Мұхиттанушылар осы экспедициядан оралғаннан кейін зертханалардағы жұмыстарын бастап, тапқан жаңалықтарын зерттеуге кіріседі.

pavlodarnews.kz

Тэги: