Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Бүгін командалық сында жеңімпаздар белгілі болды. Қазақстан ұлттық құрамасы тарихымызда тұңғыш рет құрлық додасының жеңімпазы атанды.

«Ақтық сында отандастарымыз Өзбекстан құрамасын 3:2 есебімен ұтты. Үш кездесуде атыраулық спортшылар Ануар Сариев, Дәулет Теміржан және Жанбота Аманжолов өз қарсыластарынан басым түсті», - дейді облыстық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Ілияс Шайхиев.

Ал үшінші орынды Оңтүстік Корея мен Жапония елдері бөлісті.

Айта кету керек, құрамадағы 12 спортшының сегізі - атыраулық.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: