Бұл туралы өңірлік статистика департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Аймақ бойынша 2019 жылғы қаңтар-тамыздағы тұтыну бағаларының индексі 102,8%-ды, азық-түлік тауарлары 105,9%-ды, азық-түлік емес тауарлары 102,7%-ды, ақылы қызметтер 99,2%-ды құрады, - дейді департаментте. -
2019 жылғы қаңтар-тамызда азық-түлік тауарлары бойынша етке – 9,8%-ға, нан өнімдері мен жармаға – 8,8%-ға, шұжықтар, ет өнімдерге – 7,1%-ға, алкогольсіз сусындарға және алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдеріне – 6,7%-дан, кондитер өнімдеріне – 2,9%-ға, сүт өнімдеріне және көкөніске 2,3%-дан баға өсуі байқалды.

Сонымен қатар, жұмыртқаға 5,6%-ға, қантқа – 6,5%-ға баға төмендеді.

Азық-түлік емес тауарлар нарығында қеңсе тауарлары – 7,3%-ға, фармацевтикалық өнімдерге – 4,8%-ға, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 4%-ға, киім мен аяқ киімге – 3,9%-ға, жуғыш және тазалағыш заттарға – 3,1%-ға, тұрмыстық құралдарға – 0,9%-ға баға өскен.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тарифтер 7,1%-ға, жанар-жағармай материалдарына 0,9%-ға баға төмендеді.

Ақылы қызметтер бойынша амбулаториялық қызметтерге – 4,9%-ға, қоғамдық тамақтандыру – 3,7%-ға, білімберу қызметтеріне – 3,5%-ға баға қымбаттаған.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, коғам, тұрғын үй, инфляция