«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті баспасөз қызметіннің хабарлауынша, Қасиетті күнде Алла разылығы үшін ораза тұтқан қалалық мешіттердің жамағаттары «Әбу-Бәкір Сыддық» мешітіне жиналып, ауыз ашқан. Сондай-ақ ауызашарға Қазақтан Мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлы қатысты.

Жолдас қажы Қоспақұлы жиналған көпшілікке Ашура күні туралы уағыз айтты. Қасиетті күннің ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі тоқталып, бұл күні жасалатын амалдарды түсіндіріп өтті.

- Қасиетті Ашура күніне орай «Әбу-Бәкір Сыддық» мешіті ауызашар ұйымдастырды. Мұндай жиындар жамағаттың бірлігін бекемдей түседі. Сондықтан, мешіт жамағаттары арасында ауызашар ұйымдастыру үрдісі алдағы уақытта жалғасын табатын болады, – деді Жолдас қажы Қоспақұлы.

Бұл ретте, Ашура күні басқа да қала, аудан мешіттері ауызашар ұйымдастырғанын атап өткен жөн.

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам