Шараны ұйымдастыруға Павлодар облыстық көркемсурет музейі және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мұрындық болды.

- Көрмеге графика, кескіндеме жанрында орындалған елуден астам шығарма, зергерлік өнер бұйымдары қойылды, - деді ПМУ баспасөз қызметінде. – Олардың қатарында ПМУ сәулет және дизайн кафедрасының оқытушылары профессор Сәуле Әбішева мен аға оқытушы Заура Асылғазинаның туындылары бар. Өнерсүйер қауым Баянауыл өңірінің тылсым табиғатын арқау еткен шығармалармен танысты. Түрлі жанрларда орындалған туындыларға тәнті болды.

Сонымен қатар, Қазақстан өнер академиясы павлодарлық қылқалам шеберлерін марапаттады.

Ә.Марғұлан атындағы архелогиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, археолог Виктор Мерц үлкен алтын медаль және дипломға ие болды. Қазақстан өнерінің дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін үлкен алтын медаль және ҚР өнер академиясының дипломымен суретшілер одағының мүшелері және облыстық көркемсурет музейінің директоры да марапатталды.

Айта кетейік, көрме 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Фото: ПМУ баспасөз қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, суретшілер, сурет, көрме