- Бөлім қызметкерлері жөндеу жұмыстары кезінде ХҚО-ның басқа бөлімдеріне жолданатын болады, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметінде.

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін мына мекенжай бойынша орналасқан ХҚО-на хабарласуға болады: Н.Назарбаев даңғылы, 283/1; Павлов к-сі., 48; Толстой к-сі, 10; Кривенко к-сі., 25 (Цифрлық қызмет көрсету орталығы тек электрондық қызмет көрсетеді).

Бұл ретте дайын құжаттарды беру секторы бұрынғы режимде сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: 8 (7182) 66-22-77, 66-00-50.

Еске сала кетейік, сонымен қатар электрондық үкімет порталы egov.kz, mgov және телеграмм-бот EgovKzBot мобильді қосымшалары арқылы үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға болады.

 

 Фото: kaztv.old3.kaztrk.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам