Бұл туралы қалалық мәслихаттың 2019-2021 жылдарға арналған Павлодар қаласы кентінің, ауылдық округінің және кейбір ауылдарының бюджетіне өзгерістерді бекітуге арналған кезекті сессиясында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нәйля Ахметова айтты.

- Облыс орталығында колледж және университет студенттері үшін 2994 орындық 10 жатақхана бар, - дейді Нәйля Ахметова. - 2020 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ-да С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 600 орындық жатақханасын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, № 34 мектеп аумағында ПМПУ студенттері үшін 300 орындық жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда.

Павлодар қаласында 2019-2020 оқу жылының басына 14-18 жас аралығындағы жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының саны 13 388 адамды құрады, ТжКБ оқушыларының саны – 18 345 адам, ЖОО студенттерінің саны – 15 000 адамнан астам.

Облыс колледждерінде мемлекеттік грант бойынша 12 614 студент, ЖОО-да 4846 студент, облыс әкімінің гранты бойынша 231 адам оқиды.

«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында Жетекші ауылында 2 педагог жіберіліп, 70 АЕК мөлшерінде (2018 жылы Кенжекөл ауылында 1 қатысушы) жәрдемақы төленген. 

«Жас маман» жобасы шеңберінде өңірдегі ТжКБ ұйымдары анықталып,  аталған оқу орындарының базасында қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған құзыреттілік орталықтарын құру жоспарлануда.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім