Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Жәрмеңкеге өңірдің сексеннен астам ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындары мен шаруа қожалықтары қатысады. Олардың қатарында «Рубиком», «МолКом», «Смак», «КЭММИ», «Галицкое», «Крендель», «Ақжар-Өндіріс» ЖШС мен «Сағып» шаруа қожалығы бар.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлеген Көшербаев жәрмеңкеге жалпы құны 160 миллион теңгені құрайтын 500 тонна өнім жеткізілетінін айтады.

- Біздің облыстың ауыл шаруашылығы өнімдері елорда тұрғындары арасында сұранысқа ие, - дейді Төлеген Көшербаев. – Жәрмеңкеде 60 тонна ет және ет өнімдері, 20 тонна сүт өнімдері, 35 тонна макарон бұйымдары, сондай-ақ, 240 тонна картоп пен 145 тонна көкөністер мен бақша өнімдері сатылымға шығарылады.

Облысымызда өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі Тұран даңғылы, 37 мекенжайы бойынша орналасқан «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығының автотұрағында өтеді.

 

Айта кету керек, Павлодар облысы осы жылы елордада екінші рет жәрмеңке өткізіп жатыр. Нұр-Сұлтандағы Павлодар облысының келесі жәрмеңкесі қазан айында өтеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, елорда, жәрмеңке, тауар