- Әріптестік туралы құжатқа Болат Бақауовпен бірге NAALE компаниясының басшысы Чжан Ци қол қойды, - дейді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінде. - Инвестор Павлодар облысында қуаттылығы жылына 110 тонна өнімді құрайтын қант зауытын салуды жоспарлап отыр. Өңір билігі кәсіпорынға қажетті инженерлік-коммуникациялық құрылым тартып береді. Сонымен қатар, инвесторлар жеңілдетілген салық және инвестициялық субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіледі деп үміттене алады.

Шеңберлік келісімге қол қойылғаннан кейін NAALE компаниясының басшылығы Павлодарда өз кеңсесін ашып, жобаны жүзеге асыруға кіріседі.

Оған қоса, Павлодар облысының әкімі Фуцзянь провинциясындағы Фуцин қаласының үкіметімен де шарт жасасты.

 

Бұл келісімге сәйкес екі тарап «Бір белдеу – бір жол» әріптестігі шеңберінде халықаралық Қазақстан-Қытай агроөнеркәсіпітк паркінің құрылысына қатысады.

Фото: Валерий Бугаев 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, зауыт, Қытай