Театр ұжымы өз көрермендерін Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» драмасының премьерасымен қарсы алды.



-    Тарихи 30 маусымның ашылуына бұл қойылымды бекер таңдап алған жоқпыз, - деді театр директорының орынбасары Дәурен Әділ. – Ең алдымен бұл – премьера. Сондай-ақ қойылымдағы негізгі рөлдердің 99 пайызын жастар ойнайды. Соңғы жылдары театрымызға жастар келіп жатыр. Сол біздегі жасалып жатқан жұмысты көпшілік көрсін дедік. Балалық шақ туралы оқиға балаларға қызықты болса, үлкендер сол кездерін еске алып, ерекше сезім сыйлайды деген үміттеміз. Оған қоса, маусымның ашылуындағы қойылымға бүкіл ұжым қатысуы керек. Бұл ұжым толықтай қатысатын спектакль.



Қойылымдағы басты рөлді театрдың жас актері Ақсұлтан Әнуарбек сомдап шықты.



-    Бұл туындыға барынша өңдеу мен ұзақ дайындық жасалды, - деді жас актер. – Маған бала Бердібектің рөлі бұйырды. Былтырғы маусымның жабылуында премьерасын ойнадық. Енді маусымды осы премьерамен ашып отырмыз. Қойылымның ауыр тиетін жері бұнда автордың сөзін жеке айта отырып, баланың рөлін ойнайсың. Сондықтан екі жақты алып жүру қиынға соғады. Ұзын-ұзын монологтар бар. Өткен жылы маған театрымыздағы 6 премьераның 4-де рөл тиген болатын. Осы маусымдағы өзге де премьералардан қазір рөл беріліп жатыр. Бәрін алдағы уақытта көре жатамыз.



Айта кетейік, театр келесі спектакль – «Табалдырығыңа табын» драмасын 14 қыркүйек (cенбі) сағат 18:00-де қояды. Театрдың қыркүйек айындағы репертуарын осы сілтемеден көруге болады.


Оразбек Саяхат
Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, театр, жаңа маусым, қойылым, мәдениет