Облыстық білім беру басқармасы хабарлағандай, 10 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Ұстаздар күніне арнап «Ұлағатты ұстазым» акциясы өтетін болады.

- Акцияға қатысу үшін #меніңұстазымпавлодар немесе #мойучительпавлодар хэштегімен Facebook, ВКонтакте және Instagram әлеуметтік желілерінде оқушылар, мектеп түлектері сонымен қатар ата-аналар да мерекеге арналған тілектері бар бейнероликтер және суреттер жариялау қажет, - делінеді хабарламада.

Бұл акция осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатыр. Өткен жылы оқушылар, ата-аналар мен мектеп түлектерінің белсенділігі арқасында 1000-нан аса жарияланымдар жарық көрді.

pavlodarnews.kz

Тэги: білім беру, акция, Ұстаздар күні