Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі жазды.

"Түркістандағы қонақ үйде болған өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлерінің тез сауығып кетуін тілеймін. Олардың ерен еңбектері мемлекеттік наградаларға лайық", - деп жазды Президент Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, Түркістанда алапат өрттің неден шыққаны анықталғаны туралы айтылды.

Айта кетейік, куәгерлер кеше, 10 қыркүйекте кешкі уақытта жарылыс болып, артынша өрт шыққанын хабарлап, видео мен суреттер жолдаған. Кейінірек Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі төтенше оқиға жайлы хабар таратты. Олардың мәліметінше, 19.00 шамасында Бекзат Саттарханов көшесінде орналасқан Royal Grand Hotel қонақүйінің территориясында газ баллондары тиелген ЗИЛ көлігі өртенген.

Өрт үш тонна газ автоцистернасынан шыққан екен.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 70 адамы жұмылып, 14 дана өрт сөндіру техникасы қолданылған.
Полиция қызметкерлері қонақүй территориясын қоршауға алған. Өрт 20.00-де ауыздықталып, 20.15-те толық сөндірілген.

pavlodarnews.kz

Тэги: