Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде елордада арнайы операция өткізіліп, аталған қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері кәсіпкерден жалған қарызын қайтару үшін Toyota маркалы автокөлігін қорқытып алу кезінде ұсталған.

Фигуранттарды ұстау барысында 11 оқдәрісі бар «Макаров» тапаншасы және 5 оқдәрісі бар травматикалық тапанша табылды.

Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

pavlodarnews.kz

Тэги: