Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Рашид Нұрбеков айтты.

- Бұзушылықтар негізінен ветеринарлық ілеспе құжаттардың жоқтығына немесе олардың дұрыс толтырылмауына қатысты, - дейді Рашид Нұрбеков. - Мысалы, құжаттар бойынша бір бас ірі қара мал, ал іс жүзінде екі бас ірі қара мал өтеді. Мұндай бұзушылықтар үшін жол полициясы қызметкерлері бірден әкімшілік айыппұл салады. Өңірде жалпы эпизоотиялық жағдай облыстың ветеринарлық қызметінің тұрақты бақылауында.

Спикердің айтуынша, ветеринариялық-санитариялық инспекторлар полиция қызметкерлерімен бірге ауыл шаруашылығы жануарларын, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық қағидалар талаптарының бұзылуын анықтау бойынша күнделікті жұмыс жүргізуде.

2018 жылдың 14 маусымынан бастап іске қосылған Успен ауданында «Қосақ»  бекетінде  ветеринариялық-санитариялық инспекторлар бақылау ретінде 255 мыңнан астам көлемде жүкті қарап шыққан. Нәтижесінде 80 бас жылқы болған екі автокөлікте құжаттамалық бақылау кезінде ветеринариялық-ілеспе құжаттардың ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келмеуі анықталып, кері қайтару туралы шешім қабылданған.

Ақбота Сейсенбаева


Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам