Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

"2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемдерін алушылар 2 млн 171,2 мың адам, ынтымақты зейнетақы төлемдерін шамамен 2 млн 190,1 мың адам алады. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 2018 жылғы 1 қыркүйекке 85 679 теңгені құрады. Ол ұқсас кезеңмен салыстырғанда 5,5%-ға жоғары"- делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздегі зейнеткердің саны 2 миллион 190 мың адамды құраған, оның ішінде 2019 жылы шамамен 43 мың адам енді зейнетке шыққандар.

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: