Құрал-жабдықтарды № 1 «Шахмат үйі» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің базасында нашар көретіндер арасында өткен шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ бойынша турнир кезінде табысталды.

«Альтаир» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Әміровтың айтуынша, бірлестік қатарында көркемөнерпаздар қатысушылары, белсенділер мен спортшылар бар. Олардың ішінде шахмат бойынша спорт шебері, ҚР чемпионы Тамара Литвиненко, дойбыдан спорт шебері Владимир Султанов бүгінгі турнирге қатысып отыр.

- Қоғамдық бірлестіктің спортшылары мүгедектер арасында Павлодар қаласының құрама командасына кіреді, - дейді Серік Әміров. - Ағымдағы жылы Павлодар қаласы құрама командасының мүгедектері Павлодар облысының қалалары мен аудандары арасындағы спартакиадаға қатысып, жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды.

№ 1 БЖСМ бөлімінің басшысы Шәріп Қашкеновтың ақпараты бойынша, «Альтаир» бірлестігіне алты электронды шахмат сағаты, 64 және 100 торға арналған бес шахмат, сондай-ақ тоғызқұмалақ ойыны үшін бес тақта сыйға тартылды. Бұл құрал-жабдықтар 169 мың теңгеге сатып алынған.

Айгүл Жүсіпова 

Фото: Роза  Мустафина

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, спорт