Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Алғаш рет Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннанның өнерпаздары бір сахнада бақ сынасады. Жеңімпаз 10 миллион теңге қаржылай сыйлыққа ие болады.

«Таланттар шоуының тұсаукесері жексенбіге жоспарланған және көрермендер тағатсыздана күтіп жүргеніне сеніміміз мол. «Хабар» Агенттігі осынау бірегей жобаның бастамашысы болды, сондықтан, біз, бұл байқау – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің көрермендері үшін көптеген жаңа талантты адамдарды ашады және танытады деп ойлаймыз. Әлемдегі ең танымал формат енді біздің аймағымызда», - дейді «Хабар» телеарнасының Бағдарламалар директоры Айкүміс Сексенбаева.

Central Asia’s Got Tale 5 кезеңнен тұрады. Іріктеу, ашық тыңдалым, ширек финал, жартылай финал және Гранд финал. Жобаның Бас жеңімпазынан бөлек, төрт елден жеңімпаз анықталып, қаржылай сыйлыққа ие болады. Шоу төрт мемлекетте «Хабар», «Zoʻr TV», «КТРК» және «ТВ Сафина» телеарналарынан көрсетіледі.

Байқаудың төрешілері: Нұрлан Абдуллин (Қазақстан), Гүлнұр Сатылганова (Қырғызстан), Ситора Фармонова (Өзбекстан) және Аловуддин Абдуллоев (Тәжікстан).

Central Asia’s Got Talent шоуының жүргізушілері: Кумар Лукманов, Еркебұлан Мырзабек (Қазақстан), Эркин Рыскулбеков (Қырғызстан), Бехруз Насриддинов (Тәжікстан) және Тимур Алиев (Өзбекстан).

Got Talent – Fremantle британдық компаниясының форматы. Авторы Саймон Коуэлл. 2006 жылдың маусым айында телебайқау «America’s Got Talent» деген атпен Америкада жарыққа шықты. Осы уақытқа дейін лицензия арқылы формат әлемнің 70 елінде жүзеге асырылған. 2014 жылдың сәуір айында Got Talent әлемдегі ең сәтті телевизиялық формат ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енді. Дәл сол кезде телебайқаудың франшизасы әлемнің 58 елінде көрсетілген.

pavlodarnews.kz

Тэги: