- Шараның мақсаты – мәдени құндылықтарды, руханилықты сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, отбасы институты арқылы демографиялық және әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешу, - дейді білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. – Қатысушылар өзін-өзі таныстырды. Оларға мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштарды еске түсіру, отбасы туралы сұрақтарға жауап беру, «Объяснялки» конкурсына қатысу, «Руки папы, руки мамы и мои ручонки» және «Осенняя корзинка» атты шығармашылық алаңдарға бару ұсынылды. «Библиомикс» алаңының жұмысы ата-аналарға балалар әдебиетін таңдау әрі үйде бірге оқу үшін әртүрлі интернет-ресурстармен танысуға мүмкіндік берді.

Мерекеге № 96, 24, 27, 115, 19 балабақшалардың тәрбиеленушілері мен ата-аналарынан тұратын 5 отбасы қатысты. Әрбір бақша бір отбасын ұсынған.

Байқаудың қорытындысы бойынша Давид № 96 балабақшасынан Щеколенковтар отбасы «Ең белсенді отбасы» номинациясына ие болды.
№ 24 балабақшадан Зиновьевтер - «Ең тапқыр отбасы», № 115 балабақшадан Даняровтар - «Ең тату отбасы», № 19 балабақшадан - «Ең шығармашыл отбасы» атанды.

Аталмыш шара ата-аналарға өз баласын жаңа қырларынан көруге және отбасымен бірге уақыт өткізуге таптырмас мүмкіндік ұсынды.

pavlodarnews.kz

Тэги: